Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 83 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек:
1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.04.06 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессия төрағасы Ф. Гиниятов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Т. Салмина
Мәслихаттың 2011 жылғы
26 қазандағы № 404 шешіміне
қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Міндетті құжаттар:
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
3) алушының салық төлеуші куәлігі;
4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
5) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
2. Қосымша құжаттар:
1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;
2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
7) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
4. Осы шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.