Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 83 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 26 қазандағы № 404 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-166 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессия төрағасы У. Калдаманов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Т. Салмина
"Қарабалық ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Н. Бодня