Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2012.05.14 № 137 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарына квоталар белгіленсін:
1) жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
2) жұмыс орындардың жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2012.05.14 № 137 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулы басшылыққа алынсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қату және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Г. Асқарова