Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 145 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-157 тіркелген, 2011 жылы 16 маусымда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қату
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Асқарова