Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012.04.12 № 26 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, үш жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге, қайтыс болған күні онымен бірге тұрған, қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне төленеді, бір жолғы, он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге жіберілген, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, үш мың теңге мөлшерінде көрсетілсін.
2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезекті
XVIII cессияcының төрайымы Г. Абильмажинова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қату және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________________ Г. Асқарова
Мәслихаттың
2011 жылғы "23" қыркүйектегі
№ 415 шешіміне
қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.
1. Міндетті құжаттар:
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
3) алушының салық төлеуші куәлігі;
4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
5) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
2. Қосымша құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
2) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат және қайтыс болған күні бірге тұрғанын растайтын құжат;
3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеу үшін:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғалар үшін, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге жіберілген, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастары үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
4. Осы шешімнің 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.