Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 сәуірде № 9-19-175 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 29.11.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге, қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне төленеді, бір жолғы, он бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, он бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, табыстарын есепке алмай, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге. Тұтынушының жүгіну фактісі бойынша жылына бір рет көрсетіледі;
      9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшелерінде;
      10) соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012.06.29 № 35 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.19 № 71 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2013 № 98 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2013 № 103 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Мыналар анықталсын:
      1) осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын берілетін әлеуметтік көмек өтініш берген айынан тағайындалады және өтініш берген адам қайтыс болуымен немесе Ұзынкөл ауданының аумағы шегінен оның көшуіне байланысты тоқтатылады. Аталған оқиғалардың болған айынан, келесі айынан төлеу тоқтатылады.
      3. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 415 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-162 тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының
      кезекті бесінші cессияcының
      төрайымы                                   А. Искенова

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Асқарова

Мәслихаттың         
2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 
шешіміне қосымша      

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2012.06.29 № 35 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2013 № 93 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2013 № 98 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.03.2013 № 93 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай және тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      2) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, қайтыс болғанды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеу үшін:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғалар үшін, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама.
      5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      6) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      7) соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
      егер осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады