Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
"34) 1), 2), 5) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сандық спутниктік теледидардың қабылдауыш жабдықтарын (тіреуіштерді) сатып алу үшін 22000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.";
3-тармақтағы 1), 4) тармақшалар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық бөлімшесімен ұсынылатын тізім;".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев