Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы N 108/3 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 сәуірде N 12-6-110 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
      "34) 1), 2), 5) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сандық спутниктік теледидардың қабылдауыш жабдықтарын (тіреуіштерді) сатып алу үшін 22000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.";
      3-тармақтағы 1), 4) тармақшалар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық бөлімшесімен ұсынылатын тізім;".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шұғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады