Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 07 шілдедегі N 216/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 шілдеде N 12-6-114 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 01 маусымдағы N 31 каулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.06.01 N 31 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының он пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға және жұмыс таңдауға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Железие ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 маусымдағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 190/6 қаулысы алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 07 июля 2011 года N 216/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 28 июля 2011 года N 12-6-114. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 01 июня 2012 года N 209/6

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 01.06.2012 N 209/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 21 Трудового кодекса Республики Казахстан, подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях оказания содействия в трудоустройстве лицам, освобожденным из мест лишения свободы, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере десяти процентов от общей численности рабочих мест в районе.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Железинского района" обеспечить содействие лицам, освободившимся из мест лишения свободы, в трудоустройстве и выборе работы.
      3. Постановление акимата Железинского района от 6 июня 2011 года N 190/6 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" отменить.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      5. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Аким района                                Ж. Шугаев