Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.06.01 N 31 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының он пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға және жұмыс таңдауға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Железие ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 маусымдағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 190/6 қаулысы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев