Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.11.28 N 405/11 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығымен бекітілген балалардың толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесінің 24-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы "Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтарда баланың тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлем мөлшерін бекіту туралы" N 265/10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-79 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 қарашадағы аудандық "Родные просторы" N 48 газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағында:
екінші абзацта:
"3520" деген сандар "5866" деген сандармен ауыстырылсын;
"(үш мың бес жүз жиырма)" деген сөздер "(бес мың сегіз жүз алпыс алты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
"2520" деген сандар "4174" деген сандармен ауыстырылсын;
"(екі мың бес жүз жиырма)" деген сөздер "(төрт мың жүз жетпіс төрт)" деген сөздермен ауыстырлысын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметттік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Б.М. Қаппасов) жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев