Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4303. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі N 275 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің  15.07.2013 № 275 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесі бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармалары) осы бұйрықты барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға, ата-аналар қауымына жеткізсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры С.Б. Есбосыноваға жүктелсін.

      Министр

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы

      2006 жылғы 10 шілде

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2006 жылғы 7 шілдедегі     
N 372 бұйрығына қосымша     

  Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі
шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар (бұдан әрі - мектепке дейінгі шағын орталықтар) қызметінің тәртібін айқындайды.
      2. Мектепке дейінгі шағын орталықтар 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына әдістемелік-кеңес беруді қолдау мақсатында құрылады.
      3. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың негізгі міндеттері:
      1) балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;
      2) әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту;
      3) балалардың денсаулығын сақтау;
      4) балаларды күтуді, қарауды ұйымдастыру;
      5) балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу;
      6) ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру болып табылады.
      4. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін.
      5. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мектепке дейінгі, мектептен тыс және арнаулы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері ретінде құрылуы мүмкін.
      Мектепке дейінгі шағын орталықтағы балалардың контингенті білім беру ұйымының тізімдік құрамына жеке жолмен енгізіледі.
      6. Мектепке дейінгі шағын орталықтарға балаларды қабылдау және олардан шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1353  қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережесінің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) негізінде жүзеге асырылады.
      7. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас шартпен реттеледі.
      8. Мектепке дейінгі шағын орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Заңдарын, Үлгілік ережені, осы Ережені, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

  2. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың түрлері және оларды
ұйымдаcтырудың шарттары

      9. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың мынадай түрлерін құруға болады:
      1) бейімдеуші - 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға және олардың ата-аналарына арналған;
      2) дамытушы - 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;
      3) келу уақыты бойынша: күндізгі, кешкі, түнгі, жексенбі және мереке күндері жұмыс істейтін - 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;
      4) үйде қарау, күту және дамыту бойынша - 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға арналған;
      5) арнайы әлеуметтік, медициналық және түзеу-педагогикалық жағдайларын қатаң сақтауды ескере отырып, 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған.
      10. Мектепке дейінгі шағын орталықтар ыңғайлы режим бойынша аптасына 2 күннен 7-і күнге дейін, таңертең, сондай-ақ түстен кейін 2 сағаттан 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың топтары жинақталуына қарай оқу жылының ішінде ашылады.
      11. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істеу тәртібі және балалардың оған келу уақытының ұзақтығы Ішкі тәртіп ережесімен айқындалады.
      12. Мектепке дейінгі шағын орталықтарды санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, өрт қауіпсіздігінің ережелеріне жауап беретін 2-3 қабаттан биік емес үй-жайларда ашуға рұқсат етіледі. Білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған мектепке дейінгі шағын орталықтардың бір тобы үшін ауданы бір балаға арналған 2 шаршы метрден кем емес, ойын түрінде жабдықталған және безендірілген бөлмелері, шешінетін және тамақтанатын зоналары бар үй-жайлар бөлінеді.
      13. Тиісті кадрлық, санитарлық-гигиеналық, материалдық-техникалық жағдайлары болғанда мектепке дейінгі шағын орталықтар білім беру ұйымның филиалы құқығында пәтерлерде, немесе басқа тұрғын үйлерде құрылуы мүмкін.
      Мектепке дейінгі шағын орталықтарды үйде ұйымдастыру үшін:
      5 бала үшін 1 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 30 шаршы метрден кем болмауы керек);
      10 бала үшін 2 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 50 шаршы метрден кем болмауы керек);
      20 бала үшін 3 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 80 шаршы метрден кем болмауы керек) пайдаланылады.
      Бұл пәтерлердің немесе тұрғын үйлердің санитарлық торабы әр 10 балаға 1 унитаз бен 1 қолжуғыштан қарастырылып жабдықталуы тиіс.
      14. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда жастары шамалас мынадай топтарды толықтыру белгіленеді:
      бір жастан екі жасқа дейін - 10 тәрбиеленушіден артық емес;
      екі жастан үш жасқа дейін - 15 тәрбиеленушіден артық емес;
      үш жастан жоғары және олардан жасы үлкен - 25 тәрбиеленушіден артық емес.
      15. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда жас шамалары әртүрлі топтарда жас шамалары үш түрлі (3 жастан 7 жасқа дейін) балалар болған жағдайда топтың толықтығы 8 тәрбиеленушіні; жас шамалары екі түрлі топтарда - кемінде 15 тәрбиеленушіні құрайды.
      16. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтарға:
      1) ата-аналары үйде тәрбиелегісі келетін мүмкіндігі шектеулі балалар;
      2) туғаннан үш жасқа дейінгі дамуында бұзушылықтары бар балалар;
      3) көру, есту, сөйлеу бұзушылықтары бар;
      4) ақыл-ойында кемістігі (интеллектуалдық бұзушылықтары) бар;
      5) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар;
      6) күрделі кемістіктері бар балалар қабылданады.
      17. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі шағын орталықтарда топтарды толықтыру балалардың категориясына және олардың жасына (3 жасқа дейін және 3 жастан жоғары) байланысты белгіленеді және тиісінше:
      сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;
      сөйлеу тілінде фонетика-фонематикалық бұзушылықтары бар балалар үшін үш жастан жоғары - 15 балаға дейін;
      саңырау балалар үшін - екі топтың балалары үшін - 8 балаға дейін;
      нашар еститін балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;
      көзі көрмейтін балалар үшін - екі топтың балалары үшін 10 балаға дейін;
      нашар көретін, көру қабілеті төмендеген, көздері қыли балалар үшін - 10-нан 15-ке дейінгі балаларды;
      тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін - 10-нан 12-ге дейінгі балаларды;
      ақыл-ойында бұзушылықтары бар балалар үшін - 6-дан 10-ға дейінгі балаларды;
      психикалық дамуында кідіріс бар балалар үшін - 6-дан 10-ға дейін;
      ақыл-ойының күрделі кемістіктері бар балалар үшін үш жастан жоғары - 8 балаға дейін;
      күрделі кемістіктері (2 және одан да көп) бар балалар үшін - екі топтың балалары үшін 8 балаға дейін;
      дамуында басқа да ауытқулары бар балалар үшін - 15-тен 20-ға дейінгі балаларды құрайды.
      18. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың инклюзивтік білім беру топтарын толықтыру мүмкіндігі шектеулі бір балаға тиісінше дені сау үш баламен айқындалады.
      19. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалардың болу мерзімі кемістіктің күрделілігіне, оқыту процесіндегі баланың қозғалысына және ата-аналарының қалауына байланысты белгіленеді.
      20. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың қаржы-шаруашылық, педагогикалық және медициналық қызметіне басшылық етуді және бақылауды осы ұйымның базасында ашылған сол білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтар мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз етудің тиісті нормативтері бойынша қаржыландырылады және кадрмен қамтамасыз етіледі.
      22. Мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнаулы білім беру ұйымдары, сондай-ақ кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі шағын орталықтар қажетті мүкәммалдармен, ойыншықтармен, оқу құралдарымен және жабдықтармен жарақтандырылады.
      23. Мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылған мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтарда баланы ұстауға ақы алудың тәртібі Үлгілік ереженің 16, 17, 18-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
      24. Орта білім беру базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалардан (білім беру, дамыту, сауықтыру) үшін ақы алынбайды. Баланы тамақтандыру ата-аналардың қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы биліктің шешімі бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары тамақтандыруға ақы алудан босатылуы мүмкін. Мектептен тыс ұйымдардың мектепке дейінгі шағын орталықтардағы ата-аналардың ақы төлеу тәртібі мектептен тыс ұйымдар үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтарда білім беру, дамыту, сауықтыру, тамақтандыру және басқа қызмет көрсетулер үшін ата-аналардан ақы алынбайды.
      25. Жеке меншік мектепке дейінгі шағын орталықтардың білім беру және өзге де қызметтер көрсеткені үшін, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде ақы алуға құқығы бар.

  3. Мектепке дейінгі шағын орталықтың білім беру процесінің
мазмұны

      26. Мектепке дейінгі шағын орталықтардағы білім беру процесін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және регламенттеледі.
      27. Мектепке дейінгі шағын орталықтардағы оқу-тәрбие процесі балалар үшін ерекше болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.
      28. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтардағы білім беру процесінің мазмұны балалардың ерекшеліктерін (жастық, кемістік құрылымын, психофизикалық және эмоционалдық дамуы) ескере отырып жасалған жеке-дамыту бағдарламаларымен айқындалады.
      29. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі шағын орталықтардағы жұмыстың негізгі ұйымдастыру нысаны балалармен жеке жүргізілетін сабақтар және кіші топтардағы сабақтар (2-3 баладан) болып табылады. Баламен жүргізілетін сабақтардың ұтымды ұзақтығы баланың жасына ғана емес, сондай-ақ жеке мүмкіндіктеріне де (жұмысқа қабілеттілігі, тұрақтылығы, зеректігі, болдыруына және т.б.) байланысты және оны оқыту процесінде педагогтар айқындайды.
      Сабақтың жалпы ұзақтығын анықтау кезінде ата-аналарға консультация беруге уақыт қоса жоспарланады: жалпы алғанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан 45 минутқа дейін созылады.
      Әрбір оқу жылының соңында мұғалім-дефектолог және қысқа мерзімде болу тобының тәжірибе жүзіндегі психологы әрбір баланы одан әрі дамытудың жолдары мен нысандары туралы мәселені шешетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға барлық балаларды жібереді.
      30. Мектепке дейінгі шағын орталықтардағы оқу-тәрбие және ұйымдық-әдістемелік жұмыстарды аға тәрбиеші, тәрбиеші, педагог-дефектолог, педагог-психолог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жөніндегі инструктор, сурдопедагог, дәрігер-отоларинголог-аудиолог, дәрігер-окулист, медициналық мейірбике жүргізеді.
      31. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың штаттық саны, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168  қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардың және "мектеп - балабақша" кешені қызметкерлерінің үлгілік штаттарымен белгіленеді.
      32. Балалар мен қызметкерлерге медициналық көмек көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571, N 570 бұйрықтарымен бекітілген, Нормативтік құқықтық мемлекеттік кесімде N 2464 және N 2478 тіркелген "Мектепке дейінгі ұйымдарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелері мен нормаларының 9-тарауына, сондай-ақ бірге "Жалпы орта білім беретін мектептерді және интернаттарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелері мен нормаларының 11-тарауына сәйкес белгіленеді.
      33. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалардың қанша мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуі орталықтың күн тәртібіне байланысты ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақ мектепке дейінгі шағын орталықтардың арнайы қызметкерлерімен дайындалуы мүмкін немесе келісім бойынша жақын орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардан немесе жалпы білім беретін мектептен жеткізілуі мүмкін.
      34. Балалардың төсек орнын тазалау мектепке дейінгі шағын орталықтың өзінде және ол бекітілген білім беру ұйымында немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571  бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық мемлекеттік кесімде N 2478 тіркелген "Мектепке дейінгі ұйымдарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес арнайы кір жуатын орындарда тазалануы мүмкін.
      35. Мектепке дейінгі шағын орталықтардың қызметкерлері мектепке дейінгі шағын орталықтардың оқу-тәрбие процесі кезінде балалардың денсаулықтарын және өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады