Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XXIX сессиясы) 2011 жылғы 24 ақпандағы "Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу орындарын анықтау туралы" N 1/29 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-8-103 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 ақпандағы N 9 "Заря" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің атауы мынадай атауымен ауыстырылсын: "Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша регламент белгілеу туралы".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Баяндинов |
Качир аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |