Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша регламент белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 24 ақпандағы N 1/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 ақпанда N 12-8-103 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық 2016 жылғы 16 наурыздағы № 1/55 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 16.03.2016 № 1/55 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 5/30 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін және орындарын қосымша регламенттеу туралы ұсынысы негізінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир аудандында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Вагнер
      Качир аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Баяндинов
      Келісілді:
      Качир ауданының әкімі Б. Бақауов

  IV сайланған аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 24 ақпандағы XХІХ кезектен
тыс сессиясының N 1/29 шешіміне
қосымша

Качир ауданы ауылдық округтері бойынша
митингілер, жиналыстар өткізу орындары

N
Елді мекеннің атауы
Дислокация орны
1
Тереңкөл ауылы
Аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Тәуелсіздік көшесі
2
Байқоныс ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Есщанов көшесі
3
Береговой ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Намазбаев көшесі
4
Жаңабет ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Кооперативная көшесі
5
Березовка ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Советов көшесі
6
Львовка ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Киров көшесі
7
Воскресенка ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, 70 лет Октября көшесі
8
Трофимовка ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Максим-Горький көшесі
9
Ивановка ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Ленин көшесі
10
Калиновка ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Победа көшесі
11
Фрументьевка ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Клубная көшесі
12
Октябрьское ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Ленин көшесі
13
Песчаное ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Выдрин көшесі
14
Федоровка ауылы
Ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Фрунзе көшесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады