Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XXIX сессиясы) 2011 жылғы 24 ақпандағы "Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу орындарын анықтау туралы" N 1/29 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 5/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 ақпанда N 12-8-105 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 1/55 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 16.03.2016 № 1/55 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XXIX сессиясы) 2011 жылғы 24 ақпандағы "Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу орындарын анықтау туралы" N 1/29 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-8-103 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 ақпандағы N 9 "Заря" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің атауы мынадай атауымен ауыстырылсын: "Качир ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша регламент белгілеу туралы".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады