Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы N 57/1 қаулысына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-13-122 тіркелген, 2011 жылғы 17 наурыздағы аудандық N 11 "Трибуна" газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы "2011 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 57/1 қаулысына (одан әрі - Қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдерді тағайындау Нұсқауына (одан әрі – Нұсқау):
нұсқаудың 2 тармағының 12) тармақшасында "хирург-дәрігер" сөзінен кейін "және" сөзі "немесе" сөзіне өзгертілсін;
нұсқаудың 2 тармағы келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
"45) 2011 жылы Чернобыль атом электрстанциясында болған апатты еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға, тізімдері берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.";
нұсқаудың 3 тармағы келесі азат жолмен толықтырылсын:
"Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға 10 000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.";
нұсқаудың 4 тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"24) Нұсқаудың 2 тармағының 45) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облысының филиалы Шарбақты аудандық бөлімі "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталығы" және "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" Қоғамдық Бірлестігінің ардагерлер ұйымының Шарбақты филиалымен келісілген тізімдері негізінде жүргізіледі. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тіркелген салық нөмірі, мекенжайы, жеке есепшоттың нөмірі және төлем сомасы көрсетіледі."
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі С. Смағұлов