2011 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы N 57/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 03 наурызда N 12-13-122 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік төлемдерінің көлемі бойынша қоса берілген Нұсқауы  бекітілсін (одан әрі – Нұсқау).
      2. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемақыларды кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 ақпандағы 
N 57/1 қаулысымен   
бекітілді       

Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдер
тағайындау жөніндегі Нұсқауы

      1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санатына әлеуметтік көмек көрсету шарттарын толық талдайды.
      2. Әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаты мен әлеуметтік төлем түрлері:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері – Ұлы Жеңіс күніне орай сыйлық жиынтықтары, дәрі–дәрмек алуға ай сайынғы төлемдер, коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарды өтеу;
      2) некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне сыйлық жиынтықтары, коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер;
      3) Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға және соғыс және еңбек ардагерлерінің Астана қаласына экскурсияға баруына төленетін біржолғы төлемдер, өтініш берген күннен бастап 15 күн аралығында;
      4) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль атом станциясындағы жарылыс зардапарын жоюға қатысушы тұлғаларға біржолғы төлемдер, Жеңіс Күніне қарсы төленетін ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу, ағымдағы айдың 20 на дейін;
      5) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына және 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларды сауықтыру үшін төленетін тоқсан сайынғы қаражаттай көмек, ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін;
      6) Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына және 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль атом станциясындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға тіс протездендіруге арналған біржолғы қаражаттай көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күн аралығында;
      7) жалғызбасты, отбасы, туыстары мен жақындары жоқ және жалғыз тұратын зейнеткерлердің тоқсан сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу, ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін;
      8) "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарды өтеу, ағымдағы айдың 20-на дейін;
      9) концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына тұрғын үйлерін жөндеуге біржолғы төлемдер, ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу, ағымдағы айдың 20-на дейін;
      10) ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге тоқсан сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу, ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін;
      11) жан басына шаққандағы табыстары облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне оқу ақыларын, ай сайын жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына төлеу;
      12) интерн бойынша жоғары оқу орнында дәрігер-хирург немесе дәрігер-лор мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу ақысын төлеу;
      13) азаматтардың жеке санатына отын алу үшін қаражаттай көмек және жеке өтініштері бойынша біржолғы көмек көрсету:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
      мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
      4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға;
      мүгедектерге және мүгедек балалары бар отбасыларына;
      жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
      онкологиялық және туберкулезбен ауыратын ауруларға;
      тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрып жатқан отбасыларына;
      14) мекемелерге бекітілмеген зейнеткерлерге Қарттар күніне біржолғы көмек;
      15) мүгедектер күніне орай мүгедектерге берілетін біржолғы көмек;
      16) мүгедектер күніне орай мүгедек балаларға берілетін біржолғы көмек;
      17) балалар церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға төленетін ай сайынғы көмек;
      18) туберкулезбен ауыратын ауруларға әлеуметтік көмек, амбулаторлық ауруларға жолақысына және тамақтануларына біржолғы төлемдер, тізімді бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      19) онкологиялық ауруымен ауыратын ауруларға емделуге біржолғы көмек, өтініш бергеннен соң 15 күн аралығында;
      20) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы қаражаттай көмек;
      21) 2011 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күн аралығында;
      22) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға балаларды қорғау күніне орай берілетін біржолғы көмек;
      23) жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек, өтініш бергеннен соң 15 күн аралығында;
      24) 1 жасқа дейін нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек;
      25) 100 және одан ұзақ жасаған қарттарға біржолғы төлемдер;
      26) 90, 100 және одан көп жасаған зейнеткерлерге Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер;
      27) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар төлемақысы алушылар, отбасында 18 жасқа дейін 3 және одан көп балалары бар, өз еркімен қосалқы шаруашылыққа ие болуға мүмкіндігі жоқ отбасыларына қосалқы шаруашылық, жем - шөп сатып алуға берілетін біржолғы көмек, өтініш бергеннен соң 15 күн аралығында;
      28) кәсіптік дайындықтан өткен жұмыссыздардың жатып-тұруына және тамақтануларына біржолғы қаражаттай көмек, өтініш бергеннен соң 15 күн аралығында;
      29) әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (жұмыс өтілі жоқ) біржолғы қаражаттай көмек, тізімді бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      30) толық еңбек өтілі жоқ жас бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлерге қаражаттай көмек, тізімді бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      31) жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға біржолғы көмек, өтініш бергеннен соң 15 күн аралығында;
      32) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай тізімдері берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      33) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге тіс протезін орнату үшін өтініш берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      34) "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Блокададағы Ленинград тұрғыны белгісі бар тұлғаларға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      35) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      36) концлагердің бұрынғы тұтқындарына тізімі берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      37) некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      38) Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметкер мен  ерікті жалдамалы құрамдағы тұлғаларға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      39) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      40) Қазақстан Республикасына және облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлерге ағымдағы айдың 20-на дейін зейнетақысына ай сайын қосымша төлемақы;
      41) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарға өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жерлеуге арналған біржолғы материалдық көмек;
      42) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыларға сандық спутниктік телеарнасын орнату үшін өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      43) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге спутниктік телеарнасын орнату үшін өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      44) 2011 жылы туылған үшемдер отбасына өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күннен ішінде біржолғы материалдық көмек;
      45) 2011 жылы Чернобыль атом электрстанциясында болған апатты еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға, тізімдері берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011.04.20 N 132/2 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.09.16  N 272/6 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік төлемдер келесі мөлшерде тағайындалады:
      Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына:
      Жеңіс Күніне орай сыйлық жиынтықтарына 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      дәрі – дәрмек алуға ай сайынғы төлемдер 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне Жеңіс Күніне орай сыйлық жиынтықтарын алуға 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль атом стансасындағы жарылыс зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға біржолғы төлемдер:
      Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы қаражаттай көмек – 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін;
      ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      тіс протезін салғызу үшін біржолғы төлемдер 15 000 (он бес) мың теңге көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында.
      Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарын өтеуге:
      Келесі санаттағы азаматтарға ай сайын 2 000 (екі) мың теңге көлемінде;
      некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
      Келесі санаттағы азаматтарға тоқсан сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін:
      жалғызбасты, отбасы, туыстары мен жақындары жоқ және жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге;
      ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне ай сайын жолақысы, тұрғындық және тамақтануларына 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      Облыстың жоғары оқу орындарында оқитын, интерн өтіп жатқан студенттерге нақты оқу ақысы көлемінде;
      Азаматтардың жеке санатына жеке өтініштеріне сәйкес берілетін біржолғы көмек, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде, жем-шөп сатып алу үшін 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Отын алу үшін берілетін қаражаттай көмек:
      Шарбақты ауылының тұрғындарына 10 000 (он) мың теңге көлемінде;
      ауылдық округ тұрғындарына 14 000 (он төрт) мың теңге көлемінде;
      Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
      барлық топтағы мүгедектерге 3 000 (үш) мың теңге көлемінде;
      мүгедек балаларға 5 000 (бес) мың теңге көлемінде;
      Балалар церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға төленетін ай сайынғы көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Амбулаторлық емделуде жүрген туберкулезбен ауыратын ауруларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Туберкулезбен ауыратын ауруларға әлеуметтік көмек, амбулаторлық ауруларға жолақысына және тамақтануларына біржолғы төлемдер 10 000 (он) мың теңге көлемінде, тізім бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Онкологиялық аурумен ауыратын ауруларға емделу үшін берілетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы қаражаттай көмек - 10 000 (он) мың теңге көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Ата-ананың қамқорлығынсыз және жетім балаларға берілетін біржолғы көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, тізім бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      2010 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде;
      Жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Емшек жастағы нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер:
      Мекемелерге бекітілмеген зейнеткерлерге біржолғы көмек 1 000 (бір) мың теңге көлемінде;
      90, 100 және одан көп жасаған зейнеткерлерге біржолғы төлемдер 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде;
      100 және одан ұзақ жасаған қарттарға ай сайынғы төлемдер 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      Кәсіптік дайындықтан өткен жұмыссыздардың жатып-тұруына және тамақтануларына 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге біржолғы қаражаттай көмек, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (жұмыс өтілі жоқ) 10 000 (он) мың теңге көлемінде біржолғы қаражаттай көмек, тізім бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Толық еңбек өтілі жоқ жас бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлерге 10 000 (он) мың теңге көлемінде қаражаттай көмек, тізім бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға біржолғы көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш бергеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге Жеңіс күніне орай 30000 (отыз) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге тіс протезін орнату үшін 15 000 (он бес) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      2000 (екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      1941 - 1945 соғыс жылдардағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға;
      бұрынғы концлагер тұтқындарына;
      қайта некеге тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      Ұлы Отан соғыс кезінде әскери қызметкерлер мен ерікті жалданған құрамдағы тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 2000 (екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмектер беріледі.
      Қазақстан Республикасына және облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлерге ай сайын зейнетақысына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлемақы;
      Қайтыс болған жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жерлеуге арналған біржолғы материалдық көмек;
      16 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыларына сандық спутниктік телеарнасын орнату үшін 22 000 (жиырма екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге спутниктік телеарнасын орнату үшін 22 000 (жиырма екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      2011 жылы туылған үшемдер отбасына 150000 (жүз елу ) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға 10 000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011.04.20 N 132/2 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.09.16  N 272/6 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен..
      4. Нұсқаудағы 2 тармақта көрсетілген азаматтар санатына әлеуметтік және басқа да төлемдерді жүзеге асыру үшін қажет құжаттар тізбесі:
      1) Нұсқаудағы 1), 2), 4), 7), 8), 9), 10), 15), 16), 17), 26), 29), 30) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      2) 3) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      3) 5) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      4) 6) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      5) 11), 12) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер білім беру қызметін көрсету туралы үш тарапты келісім, интерн бойынша оқыту шарты негізінде жүргізіледі;
      6) 13), 27) тармақшаларда көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссия өткізетін тұрмыс жағдайларын зерттеу актісі, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі. Жеке өтініштері бойынша көмек алу үшін тұрмыс жағдайларын зерттеу актісінен басқа, барлық жоғарыда аталған құжаттар ұсынылады. Жем- шөп сатып алу үшін жеке шаруашылығы бар екенін растайтын қосымша анықтама тапсырылады;
      7) 14) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, жеке есепшотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      8) 18) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Туберкулез ауруларына қарсы аурухана" берген тізім негізінде жүргізіледі;
      9) 19) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке код көшірмелері болған жағдайда төленеді;
      10) 20) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімі берген тізім негізінде жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққандығы туралы анықтама,  жеке басының куәлігі, әлеуметтік жеке код, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері болған жағдайда жүргізіледі;
      11) 21) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабы, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      12) 22) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде баланың аты-жөні,туған жылы және мәртебесі, қорғаншысының аты-жөні, мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      13) 23) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      14) 24) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басы куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының және санаторлық-курорттық картаның көшірмелері, медициналық мекеменің анықтамасы, мәртебесін растайтын құжат негізінде жүргізіледі;
      15) 25) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      16) 28), 31) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      17) 2 тармақтың 32), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің берген тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      18) 2 тармақтың 33) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке бас куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      19) 2 тармақтың 40) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнетақы куәлігінің және жеке куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      20) 2 тармақтың 41) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер Қазпоштадағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама, қайтыс болғаны туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      21) 2 тармақтың 42) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, мәртебесін растайтын құжат, мүгедектік туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      22) 2 тармақтың 43) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, мәртебесін растайтын құжат, жеке куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      23) 2 тармақтың 44) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке куәлігінің,балалардың туу туралы куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, неке туралы куәліктің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      24) Нұсқаудың 2 тармағының 45) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облысының филиалы Шарбақты аудандық бөлімі "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталығы" және "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" Қоғамдық Бірлестігінің ардагерлер ұйымының Шарбақты филиалымен келісілген тізімдері негізінде жүргізіледі. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тіркелген салық нөмірі, мекенжайы, жеке есепшоттың нөмірі және төлем сомасы көрсетіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011.04.20 N 132/2 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі):  2011.09.16 N 272/6 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады