Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXVI сессиясының 2011 жылғы 18 қаңтардағы N 395 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 ақпанда N 882 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.09.2015  № 367 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 55 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және халықтың аса әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында, IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктерінде жол жүру үшін айлық жол жүру билеттерінің түрлері және бағасы бекітілсін.
      2. Айлық жол жүру билеттері бойынша қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақысы жеңілдігі берілсін:
      Алматы қаласы жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен билет құнының 100% төлемімен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Алматы қаласы жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен билет құнының 50% төлемімен:
      1) 15 жастан жоғары жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына;
      2) техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға күндізгі оқыту нысанында оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне;
      3) жасына қарай зейнеткерлерге берілсін.
      3. Алматы қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
      4. Келесі шешімдердің күші жойылған деп танылсын:
      II сайланған Алматы қаласы мәслихатының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы қаласындағы электр көліктерінде жасына қарай зейнеткерлер үшін жол ақысының жеңілдігін енгізу туралы» (2000 жылдың 11 қаңтарында № 94 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген, 2000 жылдың 14 қаңтарында «Вечерний Алматы» газетінің № 7-8 жарияланған) III сессиясының шешімі;
      III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі «Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіби білім, Алматы қаласының жоғарғы кәсіби оқу орындары күндізгі оқу түрінің оқушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскери қызметкерлері үшін қалалық қоғамдық көліктеріндегі жол ақысының жеңілдігі туралы» (2005 жылдың 30 қыркүйегінде № 672 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген, 2005 жылдың 8 қазанында «Вечерний Алматы» газетінің № 208-209 жарияланған) XVIII сессиясының шешімі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б.Тәжиев), сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XXXVI сессиясының
      төрағасы                                      Қ.Өскенов

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                          Т.Мұқашев

IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXV сессиясының
2011 жылғы 18 қаңтардағы
№ 395 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының  19.12.2013 N 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Алматы қаласының қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктеріндегі жолақы үшін жеңілдікті айлық жол жүру билеттерінің түрлері және құны

      1.-15 жастан жоғары жалпы білім беру мектебі оқушыларының жеңілдік айлық жол жүру билеті - бағасы 2000 (екі мың) теңге.
      Билет құнының 1000 (бір мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 1000 (бір мың) теңгесі оқушылардың билет алған ақшасынан төленеді.
      2.-Техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға, жоғарғы оқу орындары студенттерінің айлық жол жүру билеті -бағасы 5600 (бес мың алты жүз) теңге.
      Билет құнының 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі білім алушылардың немесе студенттердің билет алған ақшасынан төленеді.
      3.-Жасына қарай зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті–бағасы 4000 (төрт мың) теңге.
      Билет құнының 2000 (екі мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2000 (екі мың) теңгесі зейнеткерлердің билет алған ақшасынан төленеді.
      4.-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдетілген айлық жол жүру билеті - бағасы 1600 (бір мың алты жүз) теңге. Билеттің құны толығымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді.

      Ескерту: Айлық жол жүру билетінің бағасы қоғамдық көліктердегі жол ақысы төлемінің бір жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге есебінен белгіленді. Айлық жол жүру билетінің бағасы жол жүру бағасы өзгерген кезде белгіленген бағаға мөлшерлес өзгереді.

О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы

Решение XXXVI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 18 января 2011 года N 395. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 18 февраля 2011 года N 882. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 15.09.2015 № 367 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5 пункта 1 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года «О транспорте в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан», подпунктом 2 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и в целях социальной защиты наиболее уязвимых слоев населения, маслихат города Алматы IV-го созыва РЕШИЛ:
      1. Утвердить виды и стоимость льготных месячных проездных билетов для проезда на городском общественном транспорте (автомобильном и городском электрическом, кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающих в городе Алматы, согласно  приложению к настоящему решению.
      2. Предоставить льготный проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) по месячным проездным билетам:
      с оплатой 100 % стоимости билета за счет средств местного бюджета города Алматы участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      с оплатой 50 % стоимости билета за счет средств местного бюджета города Алматы:
      1) учащимся общеобразовательных школ старше 15 лет;
      2) учащимся технического и профессионального образования, студентам высших учебных заведений очной формы обучения;
      3) пенсионерам по возрасту.
      3. Рекомендовать акимату города Алматы принять необходимые меры по реализации настоящего решения.
      4. Признать утратившими силу следующие решения:
      решение ІІІ-ей сессии Алматинского городского маслихата ІІ-го созыва «О введении льготного проезда для пенсионеров по возрасту на электротранспорте в городе Алматы» от 15 декабря 1999 года, (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 94 от 11 января 2000 года, опубликовано 14 января 2000 года в газете «Вечерний Алматы» № 7-8);
      решение ХVІІІ-ой сессии маслихата города Алматы ІІI-го созыва «О льготах на проезд в городском общественном транспорте для учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений города Алматы, а также военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан» от 28 сентября 2005 года № 180 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 672 от 30 сентября 2005 года, опубликовано 8 октября 2005 года в газете «Вечерний Алматы» № 208-209).
      5. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата города Алматы IV-го созыва по социальным вопросам и общественному согласию (Тажиев Е.Б.) и заместителя акима города Алматы В. Долженкова.
      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXXVI-й сессии
      маслихата города Алматы
      IV-го созыва                            К.Ускенов

      Секретарь
      маслихата города Алматы
      IV-го созыва                            Т. Мукашев

Приложение
к решению XXXVI–й сессии
маслихата города Алматы
IV-го созыва
от 18 февраля 2011 года № 395

      Сноска. Приложение в редакции решения маслихата города Алматы от 19 декабря 2013 года N 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Виды и стоимость
льготных месячных проездных билетов для проезда
на городском общественном транспорте города Алматы
(автомобильном и городском электрическом, кроме
такси) отдельным категориям нуждающихся граждан,
проживающих в городе Алматы

      1. Льготный месячный проездной билет учащегося общеобразовательной школы старше 15 лет - стоимостью 2000 (две тысячи) тенге.
      1000 (одна тысяча) тенге стоимости билета возмещается перевозчикам за счет средств местного бюджета, а 1000 (одна тысяча) тенге оплачивается учащимся.
      2. Льготный месячный проездной билет учащегося технического и профессионального образования, студента высшего учебного заведения - стоимостью 5600 (пять тысячи шестьсот) тенге.
      2800 (две тысячи восемьсот) тенге возмещается перевозчикам за счет за счет средств местного бюджета, а 2800 (две тысячи восемьсот) тенге оплачивается учащимся или студентом.
      3. Льготный месячный проездной билет пенсионера по возрасту стоимостью 4000 (четыре тысячи) тенге.
      2000 (две тысячи) тенге возмещается перевозчику за счет средств местного бюджета, а 2000 (две тысячи) тенге оплачивается пенсионером.
      4. Льготный месячный проездной билет участника и (или) инвалида Великой Отечественной войны стоимостью 1600 (одна тысяча шестьсот) тенге. Стоимость билета полностью оплачивается за счет средств местного бюджета.

      Примечание: Стоимость льготных месячных проездных билетов установлена из расчета стоимости проезда на общественном транспорте - 80 (восемьдесят) тенге за одну поездку. При изменении тарифа на проезд стоимость проездного билета изменяется пропорционально тарифу.