Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қазанда № 1206 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 29.01.2020 № 11 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін:

      1)Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға;

      2) 75 жастан асқан зейнеткерлерге;

      3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      4) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға;

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      6) алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 67 шешімімен.
      Ескерту. 1 тармақ жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 27.01.2016 № 404 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 24.05.2018 № 235 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2020 № 11 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.12.2023 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:

      1) алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 67 шешімімен;

      2) күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беру орындарының білім алушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне;

      3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

      4) көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар);

      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 27.01.2016 № 404 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.01.2020 № 11 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.12.2023 № 67 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген электрондық жол жүру картасы ұзақ пайдаланылатын карталары берілсін.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 27.01.2016 № 404 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Алматы қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар маршруттарға және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдау қызмет көрсетуді іске асыруға байланысты залалдарын өтеуді қарастырсын.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 27.01.2016 № 404 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының "Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы" 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIII сессиясының "Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден баска) жол ақы жеңілдігін беру туралы" 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1019 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 каңтарда "Алматы ақшамы" № 9 және "Вечерний Алматы" № 9-10 газеттерінде жарияланған) шешімі.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ХLІІІ сессиясының төрағасы
М. Әділханов
      V сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
хатшысы
Қ. Қазанбаев


  V cайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII сессиясының
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 367 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 27.01.2016 № 404 шешімімен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Алматы қаласының қалалық қоғамдық көлігінде
(таксиден басқа) жүруге арналған жеңілдік
берілетін электрондық жолжүру карталары мен
ұзақ мерзім пайдаланылатын карталар

      1. Тегін жүруге арналған (Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестiрiлген адамның, 75 жастан асқан зейнеткердің, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланың, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаның) жеңілдік берілетін электронды жол жүру картасы.

      Ескерту. 1 тармақ жана редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 24.05.2018 № 235 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен .

      2. Жол ақының 50 % төленетін жеңілдетілген электронды (көпбалалы аналардың, жалпы білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушының, жасына байланысты зейнеткердің, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушының, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орны студентінің) жол жүру картасы.

      3. Ұзақ пайдаланылатын жеңілдетілген (білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушының, жасына байланысты зейнеткердің, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушының, күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орны студентінің) жол жүру картасы.

      Жеңілдетілген және жеңілдетілмеген электронды жол жүру карталары құнының арасындағы айырма, тасымалдаушыларға жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат шегінде өтеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады