Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.08.2013 N 288 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21 және 43-1-баптарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 280 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 5 қазанда № 1755 тіркелді, 2010 жылғы 9 қазандағы № 121 «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 9 қазандағы № 123 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 17) тармақшасына сәйкес және «2010-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында бала тууға ынталандыру жөніндегі «Ұрпақтар қоры» Бағдарламасы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 27/3 шешімі негізінде, облыста демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов