Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы N 280 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 5 қазанда N 1755 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі N 254 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012.09.12 N 254 Қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес және «2010-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында бала тууға ынталандыру жөніндегі «Ұрпақтар қоры» Бағдарламасы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 27/3 шешімі негізінде, облыста демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.11.07 N 345 Қаулысымен
      1. Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты төртінші (және одан кейінгі) бала туған (асырап алынған), қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған отбасыларының әрбір кәмелетке толмаған баласына республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және әлеуметтік көмек тағайындау күніне қолданылатын жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек келесі құжаттарды ұсынған кезде көрсетіледі:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) төртінші (және одан кейінгі) баланың тууы туралы куәлiк;
      3) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар барлық кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiктер;
      4) кәмелетке толған балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының немесе оралманның – ата-аналарының біреуінің, ал ата-анасының екеуі де болмаған жағдайда – қорғаншының (қамқоршының), немесе баланың басқа да заңды өкілінің (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат;
      6) өтініш берушінің және оның кәмелетке толмаған балаларының Солтүстік Қазақстан облысында тұратын жерiн растайтын құжат;
      7) өтініш берушінің салық төлеуші куәлігі;
      8) баланы асырап алушылар үшін баланы асырап алу туралы куәлік;
      9) қорғаншылар (қамқоршылар) үшін қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы уәкілетті органның үзіндісі.
      3. Мыналар айқындалсын:
      әлеуметтік көмек тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір жолы төленеді;
      өтініш беруші әлеуметтік көмекті екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ) алдын ала келісілген үстемеақымен (бұдан әрі – депозит) белгілі мерзім өткеннен кейін оны номиналдық түрде қайтару шартында тапсырады;
      ЕДБ әлеуметтік көмекті (депозит бойынша сыйақыны ескере отырып) бала кәмелет жасқа толғаннан кейін төлейді;
      әлеуметтік көмек тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-ана құқығынан айрылған кәмелетке толмаған балалар есепке алынбайды;
      өтінішті қарау мерзімі - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
      4. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі депозиттерді қабылдау үшін ЕДБ таңдау бойынша конкурстық рәсімді өткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері 451-007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қыркүйегінен туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан
      облысының әкімі                            С. Біләлов

Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 4 қазандағы № 280
қаулысына қосымша

______________ ауданының (қаласының)
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығына

ӨТІНІШ

      Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына (асырап алынуына, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынуына) байланысты менің кәмелетке толмаған балаларыма әлеуметтік көмек көрсетуіңізді және оны __________ ашылған _________ жеке шотқа аударуыңызды өтінемін.
      Тегі____________________________________________________
      Аты_____________________________________________________
      Әкесінің аты____________________________________________
      СТН ____________________________________________________
      Мекенжайы ______________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат түрі ____________________
                                        (құжат түрі көрсетілсін)
      Сериясы_____________ нөмірі ____________________________
      кім берген _____________________________________________
      берілген күні __________________________________________
      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      20 жылдың «___» ______________ _________________________
                                      (өтініш берушінің қолы)

      Өтініш қабылданды
      20 жылдың «___» _____ __________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

      (кесу сызығы)

--------------------------------------------------------------

      Азамат ___________ саны _______ дана қоса берілген құжаттарымен
өтініші қабылданды
      20 жылдың «___» _____ __________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады