Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 05.12.2014 N 2367 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі белгіленсін:
1) шағын автобус бағыттары бойынша 50 теңге;
2) автобус бағыттары бойынша 50 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Макаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.
Қала әкімі |
Н. Әшімбетов |