Петропавл каласы аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі N 958 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 шілдеде N 13-1-199 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 05.12.2014 N 2367 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 05.12.2014 N 2367 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 19-бабы 25-тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі белгіленсін:
      1) шағын автобус бағыттары бойынша 50 теңге;
      2) автобус бағыттары бойынша 50 теңге.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Макаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.
 
 

      Қала әкімі
      «Келісілді»
      2011 жылғы 06.21. № 38
      Қалалық маслихат сессиясының шешімімен
      Қалалық мәслихат хатшысы

Н. Әшімбетов
 
 
 
Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады