Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012.01.06 N 3 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2011 жылғы 1 сәуірде № 13-3-130 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 «Айыртау таңы» газетінде, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2, 3 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
2. Аудандық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Чепухин |
комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Тілеубаева |
комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары; |
Комиссия мүшелері
Әшімов |
«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары; |
Сәдуақасова |
медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары; |
Нұртазина |
комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі. |
3. Шақыру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері болмаған жағдайда резервтік аудандық шақыру комиссиясы құрастырылсын:
Тасболатов |
комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; |
Рақымов |
комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары; |
Комиссия мүшелері
Кенжеболатов |
«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары; |
Шакішева |
медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары; |
Задворная |
комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі. |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Тілеубаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жанділдин
Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Чепухин
«Айыртау ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Ідірісов
«Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігі Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау
орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері С. Молдахметов