2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 сәуірде N 13-3-130 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012.01.06 N 3 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабына, 20-бабының 1–тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 1163 Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызмет мерзімін өткермеген оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі Комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құралсын:

Чепухин
Сергей Иванович

комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Тілеубаева
Раушан Райымжанқызы

комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;

      Комиссия мүшелері

Әшімов
Аян Әбуұлы

«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;

Сәдуақасова
Сәуле Сапабекқызы

медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;

Нұртазина
Әнипа Бақытжанқызы

комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2011.10.17 N 351 Қаулысымен

      3. Шақыру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері болмаған жағдайда резервтік аудандық шақыру комиссиясы құрастырылсын:

Тасболатов
Ертай Сайдоллаұлы

комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Рақымов
Болат Шонұлы

комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;

      Комиссия мүшелері

Кенжеболатов
Қайрат Оразғалиұлы

«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;

Шакішева
Раушан Шәріпқызы

медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;

Задворная
Людмила Михайловна

комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2011.10.17 N 351 Қаулысымен

      4. Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақтылы келулерін қамтамасыз етсін.
      5. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (келісім бойынша):
      шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастырсын;
      комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      ауданның емдеу - алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар көзделсін.
      6. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      7. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырсын;
      аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз етсін.
      8. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттану кезінде, облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып өткізсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Тоқтасын

      Келісілді:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»                   С. Чепухин
      мемлекеттік мекемесінің бастығы (ҚІБ)

      Айыртау ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік                  Қ. Айтбаев
      мекемесінің бастығы (АІІБ)

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау Министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау
      орталық аудандық ауруханасы»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының       С. Молдахметов
      бас дәрігері (ОАА)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады