Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 76 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 351 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 қарашада N 13-3-143 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012.01.06 N 3 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2011 жылғы 1 сәуірде № 13-3-130 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 «Айыртау таңы» газетінде, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2, 3 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
      2. Аудандық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:

Чепухин
Сергей Иванович

комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Тілеубаева
Раушан Райымжанқызы

комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;

      Комиссия мүшелері

Әшімов
Аян Әбуұлы

«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;

Сәдуақасова
Сәуле Сапабекқызы

медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;

Нұртазина
Әнипа Бақытжанқызы

комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

      3. Шақыру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері болмаған жағдайда резервтік аудандық шақыру комиссиясы құрастырылсын:

Тасболатов
Ертай Сайдоллаұлы

комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Рақымов
Болат Шонұлы

комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;

      Комиссия мүшелері

Кенжеболатов
Қайрат Оразғалиұлы

«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;

Шакішева
Раушан Шәріпқызы

медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;

Задворная
Людмила Михайловна

комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Тілеубаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жанділдин

      Келісілді:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С. Чепухин

      «Айыртау ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Ідірісов

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау Министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау
      орталық аудандық ауруханасы»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
      бас дәрігері                               С. Молдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады