Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2011.05.24 N 161 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері келесі тәртіпте анықталсын:
жаздық бидай, орташакеш, орташа жетілген - 17-31 мамыр;
жаздық бидай, орташаерте – 28 мамыр–5 маусым;
арпа, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
арпа, орташажетілген сорты - 30 мамыр–5 маусым;
сұлы - 25-30 мамыр;
нут – 10-16 мамыр;
бұршақ - 20-30 мамыр;
қарақұмық - 20-30 мамыр;
тары - 28 мамыр–5 маусым;
рапс - 10-20 мамыр;
зығыр – 17-22 мамыр;
қыша – 17-22 мамыр;
майлы тұқымға күнбағыс – 15-20 мамыр;
картоп – 15-25 мамыр;
сүрлемдік жүгері - 16-31 мамыр;
күздік бидай – 25 тамыз–5 қыркүйек;
күздік қара бидай – 25 тамыз–5 қыркүйек;
сәбіз (тұқым) – 10-15 мамыр;
пияз (тұқым) – 10-15 мамыр;
қызылша – 25 мамыр–5 маусым;
қияр – 18 мамыр–5 маусым;
орамжапырақ көшеттері – 25 мамыр–10 маусым;
қызанақ көшеттері – 28 мамыр–10 маусым.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов