Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 28.03.2013 N 13/6 шешімімен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 Заңының 36-бабына сәйкес, хронометраждық бақылау және зерттеу негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл ауданы бойынша эпизодтық қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға бір реттік талондардың құнын бекіту.
2.Осы шешім бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
XXXIII сессиясының төрайымы хатшысы
А. Самыратова Б. Мұсабаев
2011 жылғы 23 мамырдағы
Жамбыл аудандық мәслихаттың № 33/5
шешіміне қосымша
Жамбыл ауданы бойынша эпизодтық қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға бір реттік талондардың құны
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011.07.28 N 34/5 Шешімімен
Қызмет түрінің (өткізілетін тауарлардың) атауы |
Бір реттік жиналымның бір күнге құны теңгемен |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
617 |
Үй жануарларын бағу (бір бас): |
|