Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 20.12.2012 N 72 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012.06.06 N 19 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1) өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш беру кезіне әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін;
3) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау бойынша әрекет ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012.06.06 N 19 Шешімімен
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Полякова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Н. Трифонов