Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты аппаратының 02.02.2015 N 12.2.6-18/23 хаты).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, 2013 жылы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1) өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш беру кезіне әлеуметтік қолдау бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит;
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 309 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 13-11-223 тіркелген, 2012 жылғы 17 ақпандағы № 9 «Тайынша Таңы», 2012 жылғы 17 ақпандағы № 9 «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған);
2) «2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 309 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 маусымдағы № 19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 20 маусымдағы № 13-11-234 тіркелген, 2012 жылғы 06 шілдедегі № 29 «Тайынша Таңы», 2012 жылғы 06 шілдедегі № 29 «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Б. Рақымов |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Қ. Шәріпов |
«Солтүстік Қазақстан облысы |
А. Сабыров |
«Солтүстік Қазақстан облысы |
Б. Сәрсембаев |