"2012 жылда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 309 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы N 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда N 13-11-234 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 72 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 20.12.2012 N 72 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 540 Заңының 1-бабы 6-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. «2012 жылда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 309 шешіміне (2012 жылғы 18 қаңтардағы № 13-11-223 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелді, «Тайынша таңы» 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 9, «Тайыншинские вести» 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 9) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш беру кезіне әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін;
      3) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау бойынша әрекет ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Қошқарбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады