Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012.01.11 N 4 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағына 5) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 10-тармағымен сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 107 қаулысына (№ 13-12-125 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 7 мамырдағы № 21 «Көтерілген тың», 2011 жылғы 7 мамырдағы № 21 «Нива» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
«Орта кеш піскен, орта піскен жаздық бидай» жолында «Егістік жұмыстарының оңтайлы мерзімдері» бағанда «30 мамыр» сандарды және сөздерді «2 маусым» сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;
«Орта ерте піскен жаздық бидай» жолында «Егістік жұмыстарының оңтайлы мерзімдері» бағанда «3» санын «6» санымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі Қ. Қасенов