Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 107 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 мамырда N 13-12-125 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы N 4 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012.01.11 N 4 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес субсидия алушылар тізіміне енггізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі және көктемгі егіс жұмыстарын жұргізудің оңтайлы мерзімі субсидияланатын ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Қасенов

2011 жылғы 27 сәуірдегі № 107
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау және субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.05.31 N 145; 2011.07.04 N 168 Қаулыларымен

Егіншілік зонасы, топырақты-егіншілік ауданы

Дақылдардың атауы

ЖЖМ бойынша субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі

Егістік жұмыстарының оңтайлы мерзімдері

1) II - тегіс далалық,
шақпақты далалық

орта кеш піскен, орта піскен, жаздық бидай

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

17 мамырдан 2 маусым бойынша

орта ерте піскен жаздық бидай

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

28 мамырдан 6 маусым бойынша

орташа кеш піскен арпа сорты

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

орта піскен арпа сорты

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

30 мамырдан 5 маусым бойынша

сұлы

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

нут

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

12 мамырдан 16 мамыр бойынша

бұршақ

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

қарақұмық

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

25 мамырдан 30 мамыр бойынша

тары

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

28 мамырдан 5 маусым бойынша

аңқа (рапс)

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

13 мамырдан 26 мамыр бойынша

зығыр, қыша

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

17 мамырдан 25 мамыр бойынша

рыжик


25 мамырдан 30 мамыр бойынша

май тұқымына күнбағыс

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

15 мамырдан 18 мамыр бойынша

картоп

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

18 мамырдан 25 мамыр бойынша

сүрлемдік жүгері

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

16 мамырдан 20 мамыр бойынша

пішенге бір жылдық шөптер: судан шөбі, тары, могар

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

1 маусымнан 5 маусым бойынша

Көп жылдық шөптер: жоңышқа, эспарцета, донник, бидайық  тұқымдас мал азығы, костер

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

10 мамырдан 15 мамыр бойынша

шырынды шөпке бір жылдық шөптер: сиыр жоңышқа, сұлы, арпа

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

27 мамырдан 31 мамыр бойынша

бұршақ, сұлы арпа

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

5 маусымнан 7 маусым бойынша

Бұршақ, жемдік арпа

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

8 маусымнан 10 маусым бойынша

Бұршақ, сұлы, судан шөбі

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

8 маусымнан 10 маусым бойынша

Көкөністер

18 сәуірден 20 мамыр бойынша

10 мамырдан 10 маусым бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады