Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 4/3 Шешімімен
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі» бекітілсін.
2. «Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі XVII сессиясының № 17/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2009 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 13-14-83 нөмірімен тіркелді, 2009 жылғы 4 қыркүйекте «Парыз» газетінің 35, 2009 жылғы 11 қыркүйекте «Новатор» газетінің 37 нөмірінде жарияланды).
3. Осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
XХХVІ сессиясының төрағасы хатшысы
С. Қошанов Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі
істер Департаменті Шал ақын ауданы
ішкі істер бөлімінің бастығы Т. Тұғұнбаев
2011 жылғы 25 сәуір
Қазақстан Республикасы
Денсаулықсақтау Министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы бойынша Г. Шәріпова
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
2011 жылғы 25 сәуір
Шал ақын ауданының тұрғын-
коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және автомобильдер А. Шәмердинов
жолдары бөлімінің бастығы
2011 жылғы 25 сәуір
Шал ақын ауданының
ауылшаруашылығы және
ветеринария бөлімі бастығының А. Мешелев
орынбасары
2011 жылғы 25 сәуір
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік С. Ғабдуллин
инспекция комитеті Шал
ақын аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
2011 жылғы 25 сәуір
Шал ақын ауданы мәслихатының
XХХVI сессиясының 36/2 шешіміне
қосымша
2011 жылғы 25 сәуір
Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария саласында нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы) сәйкес әзірленді. Ереже Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізуді реттейді.
2. Осы Ереже Шал ақын ауданының аумағында әрекет етеді, иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түрінен тәуелсіз заңды және жеке тұлғаларға таралады.
3. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
1) ит пен мысықтың иелері – меншігінде немесе басқа да иелікте ит немесе мысықтары бар заңды немесе жеке тұлға;
2) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
3) ветеринарлық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсiмдер кешенi;
4) ветеринарлық төлқұжат - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
5) ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринарлық нормативтер негiзiнде ветеринарлық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
6) қараусыз қалған иттер мен мысықтар – меншігі жоқ немесе меншігі белгісіз, сондай-ақ меншік иесі меншік құқынан бас тартқан үй жануарлары;
7) иттер мен мысықтардың серуені – иенің меншігі болып табылатын тыс орыннан жануарлардың келуі, иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумаққа келуі.
2 тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
4. Уәкілетті мемлекеттік органдармен жануарларды тіркеу және есепке алу бойынша ауданда «Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады;
5. Иттер мен мысықтарды тіркеумен жануарлардың ауруын алдын алу және диагностика бойынша ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін, жануарларды тіркеу және бақылауды өткізу мақсатында оларды бірдейлендіру жолымен бас ветеринарлық дәрігерлер айналысады. Иттер мен мысықтарды тіркеу бас ветеринар дәрігерге өтініш бергілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
6. Иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде, сондай-ақ жабайы, жыртқыш және улы жануарлардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
иесінің растайтын құжаты;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
тұрғылықты мекенжайы, телефоны;
жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы, бірдейлендіру әдісі).
7. Әрбір тіркелген жануарға оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталатын ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және бірдейлендіру нөмірі беріледі.
8. Жануарларды бірдейлендіруге байланысты барлық жұмыстар (сырғалау, таңбалау және басқа жұмыстар) ветеринарлық төлқұжатты ресімдеуді қоспағанда, аумақтық мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың тікелей бақылауымен лицензия алған ветеринарлық мамандармен өткізіледі.
9. Иттер мен мысықтар екі айдан бастап тұқымына қарамай, міндетті тіркеуге, аса қауіпті жұқпалы және инвазиолы ауруларға қарсы ветеринарлық алдын алу өңдеуге жатады.
10. Иттер мен мысықтарды сату немесе беру олардың ветеринарлық паспортын жаңа иесіне қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
11. Иттер мен мысықтарды тіркеу және бірдейлендіру рәсімі жануардың иесінің есебінен жүзеге асады.
3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
12. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған жақын аумақта ұстау тек осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да заңды тұлғаның келісімімен рұқсат етіледі. Иттер жақсы қоршалған аумақта ұсталулары керек, қоршауда жануарлар жүгірмей, адамға немесе басқа жануарларға ұрыну, өткен-кеткенді тістеу болмауы керек.
13. Иттермен серуендеу тұмсық тор болғанда немесе тізгінмен ғана рұқсат етіледі.
14. Иттер мен мысықтардың иелері:
1) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) ережелерін сақтай отырып ветеринарлық (егу) және әкімшілік шаруашылық іс шараларды жүргізуді жүзеге асыру;
2) жануарларды емдеуді және аурулардың алдын алуды уақтылы жүргізуді жүзеге асырады. Иттер мен мысықтарды тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін емдеу шараларын жүргізу.
3) ветеринарлық мамандарға олардың ветеринарлық іс-шараларды орындауларына көмек көрсету;
4) иттер мен мысықтардың шығуы (сату, жоғалу, сою, өлу, басқа адамға тапсыру) туралы оларды есептен алып тастауға немесе қайта тіркеу үшін уәкілетті органға бес жұмыс күн ішінде ақпараттандыру;
5) иттер мен мысықтар өлген жағдайда бес жұмыс күн ішінде бұрын жануар тіркелген уәкілетті органға ветеринарлық құжатты тапсыру қажет.
15. Иттер мен мысықтардың иелеріне:
1) жануарларды балаларға арналған аула алаңдарында, спорт алаңдарында, балалар мектепке дейінгі және оқу мекемелерінің, ем қабылдау мекемелерінің аумақтарында, парктерде және азаматтар көп демалатын басқа да орындарда серуендетуге;
2) қала жағажайларында иттер мен мысықтарды серуендетуге, жануарларды қоғам орны түсетін орындарда, бөгеттерде, суқоймаларда және су алғыларда жуындыруға жол берілмейді.
3) иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерінде ұстауға;
4) егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
5) иттер мен мысықтарды оның терісін пайдалануға, етін тұтынуға, өңдеу және сату үшін оларды ұстауға (өсіруге) немесе аулауға;
6) өлген жануардың өлігін тастауға жол берілмейді. Жануардың өлігін мал қорымына көму (утилдеу) қажет;
16. Иттер немесе мысықтарда ауру белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген жануарлардың ерекше қауіпті ауру тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу Ережесіне» сәйкес жануарлар иелерінен алынады немесе өлтіріледі. Иттер мен мысықтар сау деп танылған жағдайда, ол иесіне қайтарылады. Сондай-ақ, ит пен мысық адамдарды тістеп, тырнап алса, адамға берілетін ауруға немесе қауіпті ауру-сырқауға тексеру үшін иелерінен алынады.
17. Иттер мен мысықтардың иелері ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша тексеруден, диагностикалық зерттеуден және емдеу алдын алу өңдеулерінен өткізу үшін мысықтары мен иттерін кедергісіз ұсынулары керек.
18. Иттер мен мысықтардың аурулары немесе ауруға күмән болған жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемеге қаралу және тексерудің нәтижесі бойынша маманның ұсыныстарын бұлжытпай орындау керек.
19. Адамды иттер мен мысықтар тістеген барлық жағдайда, жедел түрде медициналық мекемеге, ветеринарлық емханаға хабарлап, осы жануарларды тексеруден өткізу және карантин іс-шараларын өткізу қажет.
20. Ит немесе мысық себепсізден себепсіз өліп қалса, жануар иесі өлу себебін анықтау үшін лицензияланған ветеринарлық дәрігерге немесе ветеринарлық мекемеге қаралу қажет.
4 тарау. Шал ақын ауданында итер мен мысықтарды ұстау Ережесінің орындалуын бақылау
21. Ішкі істер органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде:
1) азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің осы Ережені орындауын жүзеге асыру үшін ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге бақылауға жәрдем көрсетеді;
2) осы Ереженің талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
22. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде: 1) эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
2) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
3) ветеринария туралы Ережені бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
23. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленген өкілеттігі тәртібінің берілген шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды.
24. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
5 тарау. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау
25. Ертіп жүретін иелерсіз қоғамдық орында (көшелерде, аула аумақтарында, парктерде, скверлерде және басқа да орындарда) жүрген, иелері байлап қалдырғандардан басқа иттер қаңғырып жүрген болып есептеледі және қаңғырып жүрген иттер мен мысықтарды ұстау жөнінде арнайы қызметтің міндетті ұстауына жатады.
26. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алу ұстап алудың тәртібін және жағдайын реттейтін, жасалған келісімшарттардың негізінде арнайы ұйымдармен жүзеге асырылады.
27. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алғанда ұсталған жануарды өзіне алуға, сатуға немесе оларды жеке тұлғалар мен ұйымдарға беруге жол берілмейді.
28. Елді мекендерде қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алған сәтте оларды кез келген тәсілмен өлтіруге, оларға зияндануға жол берілмейді.
6 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бұзғандарға жауапкершілік
29. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.