Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2011.04.25 N 36/2 Шешімімен
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері» бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
XVІІ сессиясының төрағасы хатшысы
Д. Садықов Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
ішкі істер Департаментінің
Шал ақын ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы С. Шәйінов
2009 жылғы 27 шілде
Шал ақын ауданы бойынша
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
Қадағалау комитеті Департаменті
басқармасының бастығы Г. Шәріпова
2009 жылғы 27 шілде
Шал ақын ауданының
тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және автомобильдер
жолдары бөлімінің бастығы Қ. Құжарқаев
2009 жылғы 27 шілде
Шал ақын ауданының
ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Х. Найманов
2009 жылғы 27 шілде
Ауылшаруашылығы министрлігі
агроөнеркәсіп кешенінде
мемлекеттік инспекция Комитеті
Шал ақын ауданының
аумақтық инспекциясының бастығы С. Ғабдуллин
2009 жылғы 27 шілде
Шал ақын ауданы мәслихатының
ХVIІ сессиясының № 17/5 шешімімен
Бекітілді
2009 жылғы 27 шілде
Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Ереже Шал ақын ауданында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін және халықтың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізуді реттейді.
Осы Ереже иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түрінен
тәуелсіз заңды және жеке тұлғаларға таралады.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Шал ақын ауданының аумағында әрекет етеді. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
жануар иесі – меншігінде немесе басқа да иелікте малы бар заңды немесе жеке тұлға;
қараусыз қалған мал – меншігі жоқ немесе меншігі белгісіз, сондай-ақ меншік иесі меншік құқынан бас тартқан үй жануарлары;
иттердің серуені – иенің меншігі болып табылатын тыс орыннан жануарлардың келуі, иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумаққа келуі.
2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған жақын аумақта ұстау тек осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да заңды тұлғаның келісімімен рұқсат етіледі. Иттер жақсы
қоршалған аумақта ұсталулары керек, қоршауда жануарлар жүгірмей, адамға немесе басқа жануарларға ұрыну, өткен-кеткенді тістеу болмауы керек.
3. Иттермен серуендеу тұмсық тор болғанда немесе тізгінмен ғана рұқсат етіледі.
4. Иттердің иелеріне:
1) жануарларды балаларға арналған аула алаңдарында, спорт
алаңдарында, балалар мектепке дейінгі және оқу мекемелерінің, ем
қабылдау мекемелерінің аумақтарында, парктерде және азаматтар көп демалатын басқа да орындарда серуендетуге;
2) қала жағажайларында иттерді серуендетуге, жануарларды қоғам орны түсетін орындарда, бөгеттерде, суқоймаларда және су алғыларда жуындырып, шомылдыруға жол берілмейді.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 Қаулысымен бекітілген, аумақтың мемлекеттік ветеринарлық инспекторының шешімі немесе соттың шешімі бойынша иттер немесе
мысықтарда аурулар белгіленген жағдайда, олар иелерінен алынады немесе өлтіріледі, ал жануар сау деп танылған жағдайда, ол иесіне
қайтарылады. Сондай-ақ, ит пен мысық адамдарды тістеп, тырнап алса, адамға берілетін ауруға немесе қауіпті ауру-сырқауға тексеру үшін иелерінен алынады.
6. Жануарлардың иелері ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша тексеруден, диагностикалық зерттеуден және емдеу алдын алу өңдеулерінен өткізу үшін мысықтары мен иттерін кедергісіз
ұсынулары керек.
7. Иттер мен мысықтардың аурулары немесе ауруға күмән болған
жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемеге қаралу және тексерудің
нәтижесі бойынша маманның ұсыныстарын бұлжытпай орындау керек.
8. Адамды немесе малды иттер мен мысықтар тістеген барлық
жағдайда, жедел түрде медициналық мекемеге, ветеринарлық емханаға хабарлап, осы жануарларды тексеруден өткізу және карантин іс-шараларын өткізу қажет.
9. Ит немесе мысық себепсізден себепсіз өліп қалса, жануар иесі өлу себебін анықтау үшін лицензияланған ветеринарлық дәрігерге немесе ветеринарлық мекемеге қаралу қажет.
10. Иттер мен мысықтардың өліктерін лақтыруға, оларды елді мекеннің аумағында жерлеуге жол берілмейді.
3 тарау. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алу
11. Ертіп жүретін иелерсіз қоғамдық орында (көшелерде, аула аумақтарында, парктерде, скверлерде және басқа да орындарда) жүрген, иелері байлап қалдырғандардан басқа иттер қаңғырып жүрген болып есептеледі және қаңғырып жүрген иттер мен мысықтарды ұстау жөнінде арнайы қызметтің міндетті ұстауына жатады.
12. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алу ұстап алудың тәртібін және жағдайын реттейтін, жасалған келісімшарттардың негізінде арнайы ұйымдармен жүзеге асырылады.
13. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алғанда ұсталған жануарды өзіне алуға, сатуға немесе оларды жеке тұлғалар мен
ұйымдарға беруге жол берілмейді.
14. Елді мекендерде қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды ұстап алған сәтте оларды кез келген тәсілмен өлтіруге, оларға зияндануға жол берілмейді.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бұзғандарға жауапкершілік
15. Осы Ережені бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.