Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 19.03.2014 N 26/8 шешімімен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/5 шешіміне (2010 жылғы 20 қаңтардағы № 13-14-121 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелді, аудандық «Парыз газетінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 6 және аудандық «Новатор» газетінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 6 нөмірінде жарияланды») келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа басылымда баяндалсын:
«2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
ХL сессиясының төрағасы хатшысы
Д. Садыков Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а. А. Пашковский
«Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Бекетова