2011 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 32/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда N 13-14-121 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 25 тамыздағы N 15.2.02-04/188 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты аппаратының 25.08.2015 N 15.2.02-04/188 хаты).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-бөліміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2011 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
      2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2011.08.01 N 40/5 Шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
XХХІІ сессиясының төрағасы
З. Құрманқұлов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Н. Дятлов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Шал ақын ауданының ауыл
шаруашылығы және
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
2010 жылғы 23 желтоқсан
Х. Найманов
      "Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2010 жылғы 23 желтоқсан
Ж. Бекетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады