«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148-11 Заңының 37-бабы, 35-бабының 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурызынан № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 21-бабының, Жаңажол селолық округі азаматтарының жиындағы шешімін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2010 жылғы 7 қазанындағы № 3 «Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округ елді-мекендерінің көшелеріне атаулар беру» шешіміне (2010 жылғы 28 қазанында № 13-14-112 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген, 2010 жылдың 5 қарашасында аудандық «Парыз» газетінің № 45 нөмірінде және 2010 жылдың 5 қарашасында № 46 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақта 1), 2), 3) тармақшалар жаңа маңызында баяндалсын:
«1) Жаңажол селосы бойынша:
Бірінші көшеге – Есіл
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы
Төртінші көшеге – Аққайың
Бесінші көшеге – Бәйтерек»;
«2) Жаңаталап ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Бейімбет
Екінші көшеге – Бейбітшілік»;
«3) Кеңес ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге - Достық».
2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі С. Дюсюмбаев