Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 7 қазандағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-112 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 06.12.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мəтіні бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 06.12.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      1) Жаңажол ауылы бойынша:

      Бірінші көшеге – Есіл

      Екінші көшеге – Мектеп

      Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы

      Төртінші көшеге – Аққайың

      Бесінші көшеге – Бәйтерек;

      2) Жаңаталап ауылы бойынша:

      Бірінші көшеге – Бейімбет

      Екінші көшеге – Бейбітшілік;

      3) Кеңес ауылы бойынша:

      Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы

      Екінші көшеге – Мектеп

      Үшінші көшеге - Достық.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011.11.21 № 1 Шешімімен (бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Сүлейменов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады