Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013.02.11 № 27 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ) ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы М. Өтеғалиев