Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) ордендері және медальдарымен марапатталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдеде № 112 қаулысы. Атырау облысының Исатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 тамызда № 4-4-184 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2013.02.11 № 27 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ) ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                         М. Өтеғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады