Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2012.05.25 № 43-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына мынадай әлеуметтік қолдау шаралары тағайындалсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Жамалова) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 178-ІV " Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу, тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуеттік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 13 мамырында № 4-4-160 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 22 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Аталған шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХVІІ сессиясының төрағасы: С. Меңдіғазиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж. Қадимов