Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу, тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 178-IV шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 мамырда N 4-4-160 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы N 274-IV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010.08.16 N 274-IV шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу, және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы тағайындалсын.
      2. Тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит белгіленсін.
      3. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін аудандық комиссия жұмысының орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
      4. Аталған шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XIХ сессиясының төрағасы                   Ө. Жұмашев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады