Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012.03.20 № 8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында Атырау облысы Мақат ауданының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Исмагуловқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қайненов