1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 40 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 ақпанда № 4-7-140 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 8 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012.03.20 №  8 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында Атырау облысы Мақат ауданының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Исмагуловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады