Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2015 № 38/227-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Тіркелген салық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 16/102-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің № 9 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімінің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы, хатшы міндетін
уақытша атқарушы Т.Әлжігіт