Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 16/102-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 48/307-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 қарашадағы N 14-2-118 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38/227-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2015 № 38/227-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Тіркелген салық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 16/102-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің № 9 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімінің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы, хатшы міндетін
      уақытша атқарушы                           Т.Әлжігіт 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады