Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2015 № 38/227-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексiнің (Салық кодексі) 422 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.10.21 N 48/307-IV
1. Арыс қаласында орналасқан салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Тоқсейітов
Қалалық мәслихат хатшысы Ө. Керiмқұлов
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 16/102-IV шешіміне қосымша
Тіркелген салық ставкалары
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Ставка (айлық есептік көрсеткіш есебінде) |
Бір айға |
||
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
4 |