Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а., Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5675 болып енгізілген, бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-ІV Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2523, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Шмурыгин
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. Ахаев
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2011 жылғы 8 маусымдағы
№ 30/363-IV шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ |
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
Өлшем бірлігі |
Төлемақы ставкалары, * теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ертіс өзені бассейні |
|||
1 |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
теңге/1000 тек.м |
68,1 |
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса |
теңге/1000 тек.м |
195,7 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
теңге/1000 тек.м |
55,1 |
4 |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
теңге/1000 тек.м |
55,1 |
5 |
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар |
теңге/тонна |
138,4 |
6 |
Су энергетикасы |
теңге/1000 кВт. сағ |
20,5 |
7 |
Су көлігі |
теңге /1000 т.км |
7,6 |
Балқаш және Алакөл өзен мен көлдері бассейні |
|||
8 |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
теңге/1000 тек.м |
62,7 |
9 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса |
теңге/1000 тек.м |
173 |
10 |
Ауыл шаруашылығы |
теңге/1000 тек.м |
49,7 |
11 |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
теңге/1000 тек.м |
47,6 |
12 |
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар |
теңге/тонна |
123,2 |
13 |
Су энергетикасы |
теңге/1000 кВт.сағ |
18,4 |
14 |
Су көлігі |
теңге/1000 т.км |
5,4 |
*Ескерту: төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі.