Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгерілмейді - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 21/206-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Өскемен-1-Риддер", "Өскемен-1-Алтай" маршруттары бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесі бекітілсін.".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 21/206-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық қатынасының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/384-ІV шешімінің күші жойылсын.
3. "Темір жол көлігінің әлеуметтік маңызды ауданаралық қатынастарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 1 ақпандағы № 16/222-ІІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2414, "Дидар" газетінің 2006 жылғы 18 ақпандағы № 16-17, "Рудный Алтай" газетінің 2006 жылғы 4 наурыздағы № 33 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Мамраев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Ахаев |